Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер
27 0,30 град., ылғалдығы тӛмен ӛнімдер үшін 0,40 градус кӛп емес болса қышқылдылықты анықтау дұрыс болып табылады. Ең соңғы нәтиже болып екі параллель анықтаудың арифметикасының орташа мәні қабылданады. 1.2.4 Ас тҧзының массалық ҥлесін анықтау Сынама дайындау және ас тұзының құрамын анықтау үшін зерттелетін үлгіні алу нан-бӛлішке ӛнімдерінің қышқылдығын анықтаудағы әдіс сияқты жүргізіледі. Нан-бӛлішке ӛнімдеріндегі тұздың құрамын анықтау МЕМСТ 5698-51 бойынша екі әдіспен жүргізіледі: Аргентометрикалық және меркурометриялық. Осы стандарт нан-бӛлішке ӛнімдеріне, соның ішінде тоқаш және кептірілген ӛнімдерге де қолданылады. Нан-бөлішке өнімдеріндегі тұзды анықтаудың меркурометриялық әдісі Әдістің мәні. Әдіс дифенилкарбазид индикаторының қатысуымен азот қышқылды тотықты сынаппен хлоридтерді титрлеуге негізделген. Керекті зертханалық құралдар, өлшеуіштер, реактивтер және материалдар: Ең үлкен шегі 200 г ӛлшейтін зертханалық таразылар; Сигнал құрылғысы бар механикалық сағаттар; Сыйымдылығы 1 дм 3 жарық түспейтін (темный) шыныдан жасалған шыны ыдыс (шыны сауыт); Тығыны бар банка; Тығындар; Сыйымдылығы 250 және 1000 см 3 ӛлшемді колбалар; Сыйымдылығы 100, 150 және 500 см 3 конустық колбалар; Сыйымдылығы 25 см 3 кез келген санаттағы дәлдіктегі тамшуырлар; Сыйымдылығы 25 және 50 см 3 кез келген санаттағы дәлдіктегі бюреткалар; Зертханалық шыны тамшуыр; Сүзгіш қағаз; Сыйымдылығы 25-50 см 3 химиялық стакан.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==