Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер

25 сұйықтан тамшуырмен 50 см 3 екі 100-150 см 3 сиымдылықтағы колбаларға алады да, 2-3 тамшы фенолфталеин тамызып, 0,1 нормаль калий немесе натрий гидрооксидімен ақшыл күлгін түске енгенше титірлейді. Түс 1 минутта кетпейтіндей болуы керек. Егер түс 1 минут жоғалып кететін болса титрлеуді жалғастырады. Тездетілген әдіс . Ол үшін 0,01 г дәлдікпен ӛлшенген 25 г ұсақталған нанның жұмсағын алып 500 см 3 сиымдылықтағы бӛтелкеге салып, 250 см 3 температурасы 60 0 C дистилденген су құяды. Оны ағаш таяқшамен жақсылап езеді. Бӛтелкені жақсылап тығынымен жауып, 3 минут тынбай шайқайды да, 1 минут тыныштыққа қалдырады, ерітіндіні елек немесе дәке арқылы сүзеді. Алынған сұйықтан тамшуырмен 50 см 3 -ден екі 100-150 см 3 сиымдылықтағы колбаларға алады да, екі үш тамшы 1%-дық фенолфталеиннің спирттік ерітіндісін тамызып, 0,1 нормаль калий немесе натрий гидрооксидімен ақшыл күлгін түске енгенше титірлейді. Түс 1 минутта кетпейтіндей болуы керек. Егер түс 1 минут жоғалып кететін болса титрлеуді жалғастырады. Ылғалдығы төмен нан-тоқаш өнімдеріне талдау жүргізу тәртібі. Ӛлшенген 10,0 г ұнтақты 250 см 3 сиымдылықтағы колбаға салып, үстіне 100 см 3 бӛлме температурасындағы 18 – 25 0 С дистилденген судың 30 см 3 бӛлігін құяды. Оны ағаш таяқшамен немесе ұшында резеңкесі бар шыны таяқшалармен жақсылап езеді. Езілген ӛлшендінің үстіне қалған суды құяды. Қоспаны 15 минут тыныштыққа қалдырады да елек немесе дәке арқылы сүзеді. Алынған сұйықтан тамшуырмен 25 см 3 екі 100 – 150 см 3 сиымдылықтағы колбаларға алады да, 5 тамшы фенолфталеин тамызып, 0,1 нормаль калий немесе натрий гидрооксидімен ақшыл күлгін түске енгенше титрлейді. Түс 1 минутта кетпейтіндей болуы керек. Егер түс 1 минут жоғалып кететін болса титрлеуді жалғастырады. Егерде дистилденген судың орнына ауыз суды қолданатын болса, оны міндетті түрде алдын ала титрлейді.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==