Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер

24 Сынаққа дайындау . 1. Салмағы 0,5 кг-нан жоғары даналап және таразыға тартылып алынатын нан ӛнімдеріне талдау жүргізуге дайындық жасау. Бүтін бір үлгіні теңдей ортасынан ені бойынша кесіп бір бӛлігінің қабырғасынан 1 см қашықтықта шамасы 70 г салмақ болатындай кескін кесіп алады. 2. Даналап сатылатын салмағы 0,5-0,2 кг нан-бӛлішке ӛнімдеріне талдау жүргізуге дайындау тәртібі. Ӛнімді ортасынан ені бойынша бӛліп алады да бір бӛлігінің қабырғасынан 1 см қашықтықта шамасы 70 г салмақ болатындай кескін кесіп алады. 3. Салмағы 0,2 кг-нан тӛмен даналап сатылатын нан- бӛлішке ӛнімдеріне талдау жүргізуге дайындау тәртібі. Ӛнімді алып 1 см шамада қабығымен бірге бӛліп алады. 4. Ерекше пішіндегі пісірілген нан-бӛлішке ӛнімдеріне талдау жүргізуге дайындау тәртібіне нормативті құжаттар бекітілген. Бір бӛлік ӛнімнен барлық қосылған заттарды (езбе, тосап, мейіз және т.б.) алып тастап тез арада ұнтақтап, сол мезетте араластырып ӛлшенді алады. 5. Ылғалдығы тӛмен ӛнімдерді (баранка ӛнімдері, кепкен нандар және т.б.) талдау жүргізуге дайындау. Ылғалдығы тӛмен ӛнімдерде қосылған кӛкнәр мен жаңғақтан басқа заттарды шығарып алып тастап, үккіште, ұнтақтағыш немесе механикалық ұсақтағышта ұнтақ алады. Ұнтақты араластырып сол мезетте ӛлшенді алады. Сынақты жүргізу. Нанның қышқылдығын арбитражды әдіспен анықтау . Ол үшін 0,01 г дәлдікпен 25 г ұсақталған нанның жұмсағын алады да, оны 500 см 3 сиымдылықтағы бӛтелкеге салып 250 мл бӛлме температурасындағы 18-25 0 С дистилденген судың 4/1 бӛлігін құяды. Оны ағаш таяқшамен немесе ұшында резеңкесі бар шыны таяқшалармен жақсылап езеді. Езілген ӛлшендінің үстіне қалған суды құяды. Бӛтелкені жақсылап тығынымен жауып, 2 минут тынбай шайқайды да, 10 минут тыныштыққа қалдырады, сосын оны тағы да 2 минут шайқап тағы да 8 минутқа қалдырады. Тұрған ерітіндіні елек немесе дәке арқылы сүзеді. Алынған

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==