Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер
23 Стандарт бойынша қышқылдылықтың максимум нормасы нан-бӛлішке ӛнімдерінің сұрыптары бойынша қара бидай, қара бидай мен бидай ұндарының қоспасы нандары үшін – 9–12 град, ал бидай ұны нандары үшін – 2–6 градус аралықта болады. Нан-бӛлішке ӛнімдерінің қышқылдылығы МЕМСТ 5670-96 бойынша анықталады. Бұл стандарт бойынша нан-бӛлішке ӛнімдерінің, сонымен қатар ылғалдылығы тӛмендетілген нан-тоқаш ӛнімдерінің қышқылдылығын анықтайтын әдіс бекітілген. Әдістің мәні наннан бӛлме температурасындағы суда еритін қышқылсезгіш заттардың бӛлінуі және олардың 1 моль/дм 3 сілті ерітіндісінде титрленуімен түйінделеді. Керекті зертханалық құралдар, өлшеуіштер, реактивтер және материалдар: Зертханалық таразы; Үккіш, ұнтақтағыш немесе механикалық ұнтақтағыш; Елек; Сигналды қондырғылы сағат; Термометр; 500 см 3 кӛлемді бӛтелке (сүтке арналған сияқты); 100, 250 см 3 кӛлемді дәлдігі 4-ші санаттағы кӛлемді колбалар; 50, 100, 150, 250 см 3 кӛлемді стакандар мен конустық колбалар; 25, 50 см 3 кӛлемді дәлдігі 4-ші санаттағы тамшуырлар; 4-ші санаттағы бюреткалар; Ағаш қалақтар немесе ұшында резеңкесі бар шыны таяқшалар; Медициналық дәке; Натрий гидрооксиді, молярлы концентрациясы 0,1 моль/дм 3 ерітінді; Калий гидрооксиді, молярлы концентрациясы 0,1 моль/дм 3 ерітінді; Дистилденген су; Ауыз су. Жоғарыда келтірілгендерден басқа техникалық және метрологиялық сипаты кем түспейтін ұқсас жабдықтар, зертханалық ыдыстар және реактивтерді қолдануға рұқсат етіледі.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==