Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер

19 Ӛлшенділерді кептіру басқа да маркалы электрлі шкафтарда жүргізіледі. Мұндай жағдайда 130˚C температурада 40 мин ішінде кептіреді. бюксаларды салған мезеттен бастап 130˚C температураға жеткізу 10 мин кӛп болмау керек. Барлық маркадағы кептіргіш шкафтардың температурасының ауытқуы ±2 ˚C болуы керек. Кептірілген соң бюксаларды шығарып алып, қақпағын жауып салқындату үшін эксикаторға салады. Салқындату уақыты 20 мин аз емес, 2 сағаттан кӛп емес болуы керек. Салқындатылған бюксалар ӛлшеніп кепкенге дейінгі және кепкеннен кейінгі салмағының айырмашылығы бойынша 5г нанның буланған су мӛлшері анықталып пайызбен белгіленеді. Нәтижені өңдеу. Буланып ұшқан су кептірілетін нан ӛнімдерінің массасына пайызбен кӛрсетіліп белгіленеді. Ылғалдылықтың массалық үлесі (W) пайызбен мына формула бойынша анықталады: ылғ = 1 – 2 ∗ 100, (1.2) Мұндағы, m 1 – кептіруге дейінгі бюксамен ӛлшендінің салмағы, г; m 2 – кептіруден кейінгі бюксамен ӛлшендінің салмағы, г; m – ӛлшендінің салмағы, г; Ең соңғы нәтиже екі параллель анықтаманың орташа арифметикалық нәтижесі арқылы анықталады. Пареллель анықталған ылғалдылық нәтижесі арасындағы жіберілетін айырмашылық, сондай-ақ таңдалып алынған зертханалық үлгілердің бір мезетте анықталған ылғалдығы нәтижесі арасындағы айырмашылық 1 % – дан аспауы керек. Ылғалдылық 0,5% дәлдікке дейін есептеледі; 0,25%-ға дейінгі есептелмейді; 0,25% – дан жоғары және 0,75% – ға дейін 0,5% – ға теңестіріледі; 0,75 % – дан жоғары болса 1 ге теңестіріледі.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==