Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер
18 Эксикатор; Сигналды қондырғылы сағат. Сынаққа дайындау . Қақпағын астына кигізіп метал бюксаларды алдына ала 130 ˚C температурада қыздырылған кептіргіш шкафқа салып осы температурада 20 мин ұстайды да, алып шығып, эксикаторға салып, суытып алып ӛлшейді. Сынаманы дайындау: Салмағы 0,2 кг нан және нан-бөлішке өнімдері. Зертханалық үлгіні теңдей етіп кӛлденеңнен кеседі де, бір бӛлігінен сыртқы қабығынан 1 см қашықтықтан 1-3 см қалыңдықта кескін кесіп алады. Ішінде мейіз, езбелер, жаңғақ кӛкнәр дәнінен басқаның бәрін алып тастайды. Бӛліп алған сынама массасы 20 г-нан кем емес болуы керек. Салмағы 0,2 кг – нан төмен нан және нан-бөлішке өнімдері. Зертханалық үлгінің ортасынан 3-5 см қалыңдықта кескін алады да, сыртқы қабықтан жұмсақ ортаны және де ішіндегі қоспаларды кӛкнәр дәнінен басқаның бәрін алып тастайды. Бӛліп алған сынама массасы 20 г – нан кем емес болуы керек. Сыртқы қабығымен ылғалдығын анықтайтын өнімдерді (таба нандар және т.б.) тӛрт бірдей бӛлікке бӛліп, әрбір зертханалық үлгіден кӛкнәр дәнінен басқа қоспаларды алып тастап бір бӛлігін таңдап алады. Таңдап алынған сынаманың салмағы 50 г аз болмауы керек. Сынақты жүргізу. Дайындалған сынамаларды тез және мұқият пышақпен, үккішпен немесе механикалық ұсақтағышпен ұсақтап, араластырып, тез арада алдын ала кептіріліп, салқындатылған 2 метал бюксаларға 5 г – нан 0,01 г дәлдікпен ӛлшеп ӛлшендіні салады. Қақпақтары астына қойылған ашық бюксаларда дайындалған үлгілерді электрлі кептіргіш шкафқа салады. СЭШ – 1 және СЭШ – 3М маркалы шкафта ӛлшенділерді бюксаларды салған уақыттан бастап 130 ˚C температурада 45 мин ішінде кептіреді. 130˚C температурадан тӛмендеу және жоғарылау ұзақтығы 20 мин кӛп болмауы керек. Кептіру шкафты толықтай толтырып барып жүргізіледі.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==