Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер

17 Нан-бӛлішке ӛнімдерінің кесегін кептіру әдісі Сынаққа дайындау . Жұмсақ ортадан 6х6 см, қалыңдығы 0,5-0,7 см ӛлшемде бӛлік кесіп алады. Сынақты жүргізу. Оны екіге бӛліп 5 граммнан бӛліктері бӛлінбейтіндей етіп 0,01 г дәлдікке дейін зертханалық таразыда ӛлшеп алады. Кескіндерді 160 0 C температурада 3 мин кептіреді. 1-2 минут эксикаторда суытып формуламен нанның ылғалдығын анықтайды. Нәтижені өңдеу. Буланып ұшқан суды кептірілетін нан ӛнімдерінің массасына пайызбен анықтап белгілейді. Нан-бӛлішке ӛнімдерінің ҥгітілген жҧмсағын кептіру әдісі Сынаққа дайындау . Нан-бӛлішке ӛнімдерінің сынамасын пышақпен немесе үккішпен ұнтақтайды. Сынақты жүргізу. Ұнтақталған үгітіндіні 5 граммнан шашылмайтындай етіп 0,01 г дәлдікке дейін зертханалық таразыда ӛлшеп, 1,5-2,0 мм қалыңдықтағы алдын ала кептіріліп, салқындатылған пакеттерге салады. Үгітінді салынған пакеттерді 160 0 C температурада 5 мин кептіреді. 1-2 минут эксикаторда суытып формуламен нанның ылғалдығын анықтайды. Нәтижені өңдеу. Буланып ұшқан су кептірілетін нан ӛнімдерінің массасына пайызбен кӛрсетіліп белгіленеді. Нан-бӛлішке ӛнімдерінің ылғалдылығын стандартты тездетілген әдіспен анықтау Ылғалдылықты анықтау МЕМСТ 21094-75 бойынша жүргізіледі. Бұл стандарт нан және нан-бӛлішке ӛнімдерінің ылғалдығын анықтау үшін бекітілген әдіс. Бұл әдісте ұнтақталған нанның жұмсақ ортасы ӛлшендісін белгілі температурада кептіріп, ылғалдылығы есептеледі. Керекті зертханалық құралдар, өлшеуіштер, реактивтер және материалдар: Электрлі кептіргіш шкаф; Пышақ, үккіш немесе механикалық ұсақтағыш; Ішкі ӛлшемдері: диметрі – 45 мм, биіктігі – 20 мм болатын қақпағы бар метал бюксалар; ±0,01 г дәлдікте ӛлшейтін зертханалық таразылар;

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==