Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер

16 кӛрсеткіштеріне де айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан да ас тұзының мӛлшерін бақылаудың мәні жоғары болып табылады. Дайын ӛнімдердің физикалық-химиялық кӛрсеткіштерін оларға бекітілген ӛткізу мерзімі ішінде анықтайды, дегенмен де ұсақ ӛнімдерді кем дегенде 1 сағат, қалған ӛнімдерді кем дегенде 3 сағат суытқаннан соң анықтауды бастайды. 1.2.1 Нан-бӛлішке ӛнімдері ылғалдылығының массалық ҥлесін анықтау Нан-бӛлішке ӛнімдері ылғалдығының кӛрсеткіші оның физиологиялық құндылығы және наубайхана кәсіпорны жұмысының технико-экономикалық кӛрсеткіштерінің нәтижесіне байланысты болып келеді. Нан-бӛлішке ӛнімдерінің ылғалдығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оның тағамдық және энергетикалық құндылығы тӛмен болады. Нан-бӛлішке ӛнімдерінің ылғалдығын анықтау оның шығымын есептеу кезінде ғана емес, технологиялық үдерістердің дұрыс жүргізілгендігін тексеруге де қажетті кӛрсеткіш болып табылады. Нормативті құжаттардың талаптарына сәйкес ылғалдылық әртүрлі ӛнімдер үшін, бидайдың сұрыпты ұндарынан алынатын нандар үшін 52 %-дан аспайтындай, ал қара бидай ұнынан алынатын нан ӛнімдері үшін 53 %-дан аспайтындай болуы керек. Ылғалдың массалық ҥлесін тездетіп кептіру (экспресс әдіспен) әдісімен анықтау. Бұл әдіс нан ӛнімдерінің сапасын ӛндірістің ішінде анықтау кезінде кәсіпорындарда кеңінен қолданылады. Ӛндірістік зертханаларда сынама алу және кептіру әдісінің ұзақтығына байланысты ылғалдылықты анықтаудың екі әдісі бар. Керекті құралдар: Кептіру аппараты; Зертханалық таразы; Эксикатор; Сигналды қондырғылы сағат; Пышақ; Үккіш.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==