Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің сапасын бағалау әдістер
14 Сыртқы тҥрін оны қарау арқылы анықтайды. Осы кезде оның дұрыстығына кӛңіл бӛледі. Егер нормадан ауытқымаған болса, оны жақсы деп белгілейді. Егер ауытқулар болса оны да жазып алады. Қыртысының тҥсін ақшыл сұр, алтын сары, ақшыл қоңыр, қоңыр, қара қоңыр деп сипаттайды. Кейде қыртыстың түсін бағалағанда бес баллдық жүйе қолданады: 1 балмен ақшыл қыртысты, 3 балмен жақсы боялған, 5 қарқынды боялған, күңгірт, ал 2 мен 4 балмен сәйкесінше осы аралықтағы түсті бағалайды. Қыртысының жағдайын пішінінің дұрыстығына (дӛңес, тегіс, ортасына түсіп қалған), оның үстіне (тегіс, тегіс емес, мыжылған, жырылған және жыртылған), кӛңіл бӛледі. Жырылған деп үстінде бірнеше бағыттар бойынша жүрген жырықтарды, ал жыртылған деп шетінде үстіңгі бӛлігінің бӛлініп жыртылып тұрғандығын айтады. Сыртқы қыртысының қалыңдығы сызғыштың кӛмегімен анықталады. Сыртқы қыртыстың қалыңдығы оның пісуіне байланысты болады. Ол нан алынған ұнның сұрыпына қарай: 1. Бидай ұны нандары үшін – максималды 3 мм. 2. Қара бидай ұнынан алынатын нандар үшін – максималды 4 мм. Батондар мен ұсақ ӛнімдер үшін бұл кӛрсеткіш анықталмайды. Жҧмсақ ортасының тҥсі және серпімділігі . Нанның түсін күндізгі жарықпен анықтайды. Нанды пышақпен абайлап кеседі. Жұмсақ ортасының түсіне (ақ, сұр, күңгірт) және оның реңіне (сарғыш, сары, сұрғыш, сұр және т.б.) кӛңіл бӛле отырып анықтайды. Сонымен қатар оның түсінің біркелкілігіне де кӛңіл бӛледі. Жұмсақ ортасының серпімділігін жайлап саусақпен басып сосын жібереді. Басқанда деформацияға ұшыраған жер қайта орнына келсе ол жақсы деп, ал аздап орнында қалып қойып қайта қалпына келсе орташа, басқан жер деформацияға ұшырап мыжылып қалса нашар деп сипатталады. Нан кеуектілігінің жағдайы. Нанның кеуектілігін анықтағанда оның кеуегінің кӛлеміне (ұсақ, орташа, ірі),
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==