Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы

94 Қоюландырылған томат ӛнімдерін ыстық күйде консервілейді, оларды 1-82-10000 шыны ыдыстарға (бӛтелкелер) және № 15 металл ыдыстарға құяды. Құяр алдында массаны температурасы 94±2° С жеткенге дейін қыздырады. Аузы тығыздалып жабылған бӛтелкелерді аударып кӛлденең қалыпта ұстайды, ал металл ыдыстағыларды аузын тӛмен қаратып конвейерге немесе толықтандырғыш құрылғыға орналастырады, бұл тәсіл қақпақтардың және ыдыстың толмай қалған аумағының қосымша стерилденуін қамтиды. Банкаларды осы қалыпта 20-25 мин ұстау қажет, ал соңынан 40±2°С температураға дейін жеткізіп салқындатады. Қоюландырылған томат ӛнімдері салынған металл ыдыстарды салқындатуды жеделдету үшін банкаларды айналдырып тұратын аппаратты пайдаланған тиімді. МемСТ сәйкес алынған томат ӛнімдеріндегі кӛмірсулар, дәрумендер мен энергетикалық құндылықтар (ккал) мӛлшерлемесі. Томат езбесі, % құрылымда 12-20: кӛмірсулар (граммда) – 7,1-11,8, дәрумендер (мг)(тек 20%) – В-каротин – 1,8. В 1 дәрумені – 0,05, РР дәрумені – 0,6, С дәрумені – 26,0. Энергетикалық құндылығы (ккал) 37 ден 65 дейін. Томат сықпасы, % құрылымда 25 тен 40 дейін: кӛмірсулар (граммда) – 15,8 – 25,3 дейін. Дәрумендер (мг) (тек 30%) – В- каротин – 2,0. В 1 дәрумені – 0,15, РР дәрумені – 1,9, С дәрумені – 45,0. Энергетикалық құндылығы (ккал) 79 дан 127 дейін. Тұздалған томат сықпасы, % құрылымда 27 тен 37 дейін: кӛмірсулар (граммда) – 17,1 – 23,4 дейін. Энергетикалық құндылығы (ккал) 88 ден 117 дейін. Томат сықпасын МемСТ 5717,2 сәйкес шыны банкаларға, ал МемСТ 5981 сәйкес (сақталу мерзімі 3 жыл) металл (лакталған) (сақталу мерзімі 1 жыл) және аллюмини түбекшелерге (сақталу мерзімі 6 ай) бӛлшектеп салады. Құрамындағы ерігіш құрғақ заттарының мӛлшері 30% кем емес мӛлшердегі томат сықпасын полистирол немесе басқа тағам ӛнімдерін салуға Денсаулық сақтау министрлігі арқылы рұқсат етілген термопластикалық материалдардан жасалған ыдыстарға салады (сақталу мерзімі 10 сӛтке).

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==