Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы

93 Қоюландырылғаннан кейін томат ӛнімдерін ыдыстарға жекелеп құяр алдында қыздыру қажет болады, ол үшін бір жүрісті қыздырғыш «тұрба ішіндегі тұрба», «Рототерм» тәрізді шнекті қыздырғышты, мерзімді қимылдағы қыздырғышы мен бұлғағышы бар аппараттарды қолданады. Қыздыру температурасы – 85°С кем болмауы тиіс. Қоюландырылған тұзды томат сықпасын ӛндірген кезде тұз мӛлшері томат сықпасы массасының 10% құрауы керек. Температурасы 85±2°С дейін қыздырылған томат сықпасын бұлғағышы бар араластырғышқа салады да оған аздаған мӛлшер- дегі тұзды салып отырады, содан кейін бірқалыпты массаға айналғанша араластырады, соңында 58±2°С температураға дейін жеткізіп салқындатады және ағаш немесе денсаулық сақтау саласы рұқсат еткен қорғаныш қабаты бар тот баспайтын металлдан жасалған металл бӛшкелерге бӛліп салады. Толтырыл- ған бӛшкелерді сыртынан орайды, ӛлшейді, таңбалайды да қоймаға сақтау үшін жібереді. Бӛшкелерді тӛбесі ашық тұрғын- жайларда сақтауға болмайды. Томат езбесін немесе томат сықпасын қыздырғаннан кейін 10 л аспайтын сиымдылықтағы шыны немесе металл ыдыстарға бӛліп құяды. Томат ӛнімдерін бӛлшектеп құятын машиналар қыздыру қондырғыларына жақын орналасуы керек, сонда бӛлшектеп құяр алдында дайын ӛнімнің температурасы тӛмендеп кетуіне жол берілмейді. Толтырылған банкалардың аузы автоматты түрде тығындап жабатын машиналар арқылы лакталған металл қақпақтармен тығыздалып жабылады. Құрамындағы құрғақ заттарының жалпы үлесі 40% кем емес қоюландырылған томат ӛнімдерін аллюмини түбекшелерге бӛлшектеп салуға болады. Түбекшелердің аузын тығыздап жапқаннан кейін температурасын 25 ±5° С дейінге жеткізіп жаңбырлатқыш су астында ұстап салқындатады да түбекшелерге арналған ұяшықтары бар картон жәшіктерге салып орнықтырады, содан кейін қоймаға сақтауға жібереді. Қоюландырылған томат ӛнімдерін автоклавтарда немесе үздіксіз қозғалыстағы аппараттарда пастерлейді.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==