Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы

90 Қоюландырылған томат ӛнімі – бұл қабық қалдықтары, дәндері және кӛкӛністің басқа да қалдықтары жоқ бірқалыпты майда езілген қайнатылған масса; бірінші сұрпында бірлі-жарым дәндері мен қабық қалдықтарының болуына жол беріледі. Дәмі мен иісі табиғи, қайнатылған томат массасына тән ащы дәмі, күйік дәмі, бӛгде татымы мен иісі болмауы қажет; тұз қосылған томат сықпасы – тұзды дәмге ие болады. Қоюландырылған томат ӛнімдерінің түсі қызыл, сарғыш қызыл немесе күлгін қызыл сипатта, бірқалыпты массадағы ӛнім болады. Бірінші сұрыптағы ӛнімде сұрғылт немесе қоңырқай реңді кезігуіне жол беріледі. Жанама қосындылар болмауы керек. Дайын ӛнімде суда еритін құрғақ заттар мӛлшері, тұзды томат сықпасында тұз мӛлшері, минералды қосындылар, ауыр металлдардың үлесті мӛлшері жинақталады. Қоюландырылған томат сықпасын ӛндіру кезінде ӛңдеуге томат ӛнімі тұтас күйде немесе шикізаттың алынатын орнында бастапқы сұрыпталған томат массасы күйінде түседі. Томат массасы кесектелген, ірі езілген не болмаса қыздырылған және салқындатылған күйде болуы мүмкін. Бастапқы ӛңдеу орнынан томат массасын бір деңгейлі құйылатын автоцистерналарда, баржаларда немесе басқадай тот баспайтын жабындысы бар ыдыстарда және тоттанбайтын материалдардан жасалған сұйық тағам ӛнімін тасымалдауға арналған ыдыстармен тасымалдайды. Томат массасының микробиологиялық бұзылуын болдырмау үшін томатты бастапқы кесектегеннен бастап арнайы ӛңдеу кәсіпорнына ӛңдеуге жеткізілгенге дейін 2 сағ аспайтын уақыт аралығында сақталуы керек. Езілген, қыздырылған және салқындатылған томат массасының сақталу мерзімі – 8 сағ аспауы тиіс. Тасымалдау кезінде жасанды жолмен салқындаты- латын автоцистерналарды пайдаланған жӛн. Машина арқылы жиналған сұрыптағы томатты ӛңдеу барысында кесектелген томат массасына ӛсімдік қосынды- ларының араласып кетуі байқалатын болды. Сондықтан оны тор кӛздері 5 мм болатын сүзгімен жабдықталған машинада қосымша езу ұсынылады. Мұндай массаны кесек езілген деп аталады. Автоцистернадан томат массасын құйып алу кезінде құйылатын келте құбыр сумен шланг арқылы тиянақты түрде шаяды. Цистернаның түбінде шӛгіп қалған томат массасын (ол

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==