Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы
81 Жүгері дәрілік ӛсімдіктер тобына жатады. Халқы тамаққа жүгеріні кӛп пайдаланатын аумақтарда қатерлі ісік ауруымен ауру тӛмен екендігі байқалады. Ғалымдар бұл құбылысты жүгері дәніндегі жоғары мӛлшердегі магнийдің болуымен дәлелдейді. Ванадий жүгеріде бидайға қарағанда үш есе кӛп. Ванадий ағзада холестериннің құралуын реттеуші механизмнің қалыпты тіршілігіне қажет. Мида ванадийдің жеткілікті мӛлшерінің болуы кезінде холестерин құралмайды, және артерияның қатаюы жүрмейді. Ванадий сонымен бірге жүйке жүйесінің қалыпты тіршілігін қамтамасыз етеді. Орталық жүйке жүйесінің жұмысына алтынның әсері де қызығарлықтай. Алтынды органикалық қосынды түрінде жеткізуші жүгері болып табылады. Жүгері β-каротин мӛлшерін иемденуі жағынан алдыңғы қатарда (0,32 мг). «А дәрумендер жиынтығы» 400 мүшесінің бірі β-каротин немесе А дәрумені. Жүгері құрамындағы β-каротиннің «ӛсімдік» түрі ағзаға түскеннен кейін А дәруменіне айналады. А дәрумені иммунды жүйені нығайтады, бала туу қабілетін қамтамасыз етеді, ақуыздардың синтезделуіне қатысады; сонымен қатар ол терінің, тыныс алу жолдарының, ӛңештің, асқазанның, толық және тік ішектің, несеп жолдарының, бүйрек пен ӛттің сау қалпын сақтауға ықпал етеді, сүйектің қалыптасуы мен жетілуіне аса қажет. Сондықтан, жүгеріден жасалған тағамдық ӛнімдер кӛптеген аурулардың алдын алуға септігін тигізеді. Ақуыздардың резервті шикізаттарының бірі жүгері крахмалының жанама ӛнімі болып саналады. Мысалы, жүгері дәнінің тұқымындағы ақуыздар ӛзінің құндылығы жағынан сиыр етіне және жұмыртқаға ұқсас. Жүгері тұқымында 20% дейін, жүгері күнжарасында 25-28% ақуыздар, ал жүгерінің май ӛндірісінде екінші ӛнім болып табылатын ұсақталған шротта - 25% дейін протеин болады. Жүгерілі-ақуызды қоспаны (ЖАҚ) қолдану белгілі дәрежеде дайын ӛнімнің тағамдық құндылығын арттырып қана қоймай, қамырдың реологиялық қасиетін де жақсартады. Күріш – жер шарында тағам ретінде қолданылатын ең негізгі құнды дақылдардың бірі. Ол егістік алаңы мен жиналатын ӛнімнің шығымына байланысты бидайдан кейінгі екінші орында.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==