Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы

75  Дәнді дақылдар және олардың ӛңделген ӛнімдері;  Бұршақ дәнді дақылдары және олардың ӛңделген ӛнімдері;  Томат ӛнімдері;  Кӛкӛніс және жеміс ұнтағы;  Сүт іріткісі, сәбіз бен асқабақтың майда ұнтақталған езбесі;  Зәйтүн шроты;  Амарант;  Кальций қоспалары;  Топинамбур ұнтағы;  Ақуыз қоры: бұршақты дақылдардың ұны, ашытқы;  Инулин;  Тағамдық талшықтар;  Жүгері дәнегінің, қызылшаның, саумалдық және басқа жемістер мен кӛкӛністердің күнжарасы;  Сұлы ұны. Дәнді дақылдар және олардың өңделген өнімдері Ӛсімдік дақылдары арасында ӛндірістегі кӛлемі мен ӛсу жылдамдығына байланысты жетекші орынды дәнді ӛсімдіктер алады. Осы ӛсімдіктер ӛндіретін ақуыздардың қоры адам тағамындағы аминқышқылдарының жетіспейтін бӛлігін толықтыруда бүкіл халықтардың қажеттілігін қанағаттандырған болар еді. Дәнді ӛнімдер ақуыздарының басты толықтырушы аминқышқылы лизин, триптофан және метионин болып табылады. Сұлы, арпа, күріш, қонақжүгері, жүгері, тары, қарақұмық дәнді дақылдар тобына жатады. Дәнді ӛсімдіктердің химиялық құрамы 6 кестеде берілген. Дақылдардың дәндері ақуыздардың 7- 13% құрайды,ал кейбіреулері 15% дейін жетеді. Осы дақылдардың дәніндегі химиялық құрамының айырмашылық- тары, соған орай тартылған ӛнімнің құрылысындағы айырмашылықты да және оның крахмал құрамының негізгі қасиеттерін де айта кеткен жӛн: олар амилазасы мен

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==