Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы
6 КІРІСПЕ Макарон ӛнімдері бидай ұны мен судан тұратын қоспадан (кей жағдайда байытқыш және дәмдік қоспалардың аздаған мӛлшері қосылған) иленіп, пішінделіп, 13% ылғалдылыққа дейін кептіріліп алынатын жартылай фабрикат. Макарон ӛнімнің отаны Италия екендігі тарихта дәлелденген. Лапша дайындаудың алғашқы жазбалары біздің эрамыздың бірінші онжылдығында аспаздық салада пайда болды. Италияда XII ғасырдың басында макароннан тағам ала бастағандығы баспа беттерінде айтылған. XIV ғасырдың орталарына дейін барлық макаронның түрі үй жағдайында дайындалды. XIV ғасырдың соңына қарай Италияда бірінші рет кішігірім техникалары қарастырылған макарон шығаратын цехтар іске қосыла бастады. Ол кездері қамырды бірінші сатыда қолмен илеп, ұзын рычагы бар қамыр илегіште қайта ӛңдеген. Макарондар мен вермишельдер ағаш сығымдағыштарда нығыздалды да, жайып пішін беріліп, цех жағдайында кептірілді. Макарон ӛнімдерін шығару фабрикалы ӛндірістерде XVIII ғасырдың аяғына қарай Италияда, сосын Францияда және Германияда қолға алынды. Бірінші механикалық сығымдағышы бар италияндық фабрика XVIII ғасырдың 60 жылдары шыға бастады. XIX ғасырдағы техниканың дамуы механикалық қамыр жайғыштар, гидравликалық сығымдағыштардың пайда болуына мүмкіндік берді. Кейінгі сатыдағы макарон ӛндірістерінің дамуы шнекті сығымдағышы бар үздіксіз кептірілетін механизациланған желілердің 1945-1948 жылдарда «Брайбанти» (Италия) фирмасының қысқа кесілген макарондар үшін, 50-жылдарда «Бюлер» (Швейцария) фирмасының ұзын кесілген макарондар шығарумен байланысты. Одан әрі макарон ӛндірісінің дамуы қазіргі кезге дейінгі барлық технологиялық процестері жетілдірілген техника және технологиямен үндеседі.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==