Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы

18 Сурет 5. Астаушамен кассеталарда кептірілетін макарон ӛндіру схемасы: 1- прес; 2 - стол; 3 - астаушалар; 4 - кептіргіш Макарон ӛндірісіндегі кассеталармен тәсілдің негізгі жетіспеушілігі, кӛптеген қол еңбегі жұмсалуында және макарон ӛнімдерінің әрдайым қисық болып шығатынында. Алайда, біздің елімізде осы схема бойынша әлі күнге макарон ӛнімінің негізгі массасы ӛндіріледі. Бұл кассеталы тәсілдің күрделі еместігі мен қымбат жабдықтардың қажеттілігі туындамауы арқылы дәлелденеді (кептіру шкафы, вагоншалар мен қоларбалар макарон фабрикасының шеберханасында дайындалады) және үлкен алаңның болуында. Соңғы жылдары қол еңбегін барынша жеңілдету мақсатында кассеталы тәсілде макарон ӛндіруде бірқатар кәсіпорындарда механикаландырылған ағынды желі жолға қойылған. 6 суретте осындай бір желінің схемасы берілген. Шнекті прес арқылы (1) макарон будасы орнықтыру-кесу машинасына түседі (2), мұнда механикалық орнықтыру мен астаушадағы кассеталарда макаронды кесу (3) жүргізіледі. Толтырылған кассеталар екі тізбекті тасымалдағышқа (5) қолмен қаланады, оның екі жағынан кептіргіштер(4) ӛтеді. Кептіргіштер бір қатарда орналасқан кептіру аппараты бар бірнеше шкафтардан тұратын қондырғы болып табылады. Тасымалдағыштарда кассеталарды баяу жылжытқан кезде макаронның кебуі жүзеге асырылады. Құрғақ макарондар кассеталардан орамдау столына (6) түсіріледі, ал бос кассеталарды орнықтыру-кесу машинасына қайтадан шикізатпен толтырылуы үшін жіберіледі.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==