Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы
179 Есепке алуға келетін шығындарға әр түрлі шикізаттың, дайын макарондардың, жартылай дайын ӛнімдердің, санитарлық деп аталатын қайтадан макарон жасауға жарамайтын заттар жатады. Олардың мӛлшері кӛптеген себептерге байланысты, мысалы, технологиялық және тасымалдау жабдықтарының түріне, олардың күйіне, жұмыс орнын ұйымдастырудың ерекшеліктеріне, технологиялық процестерді жүргізудің дұрыстығына, механизациялаудың дәрежесіне, мекеменің жұмыс кӛлеміне, ӛндірістің жағдайына т.б. жағдайларға байланысты ӛзгеріп тұрады. Осы есепке алуға келетін шығынның мӛлшерін барлық шығарылған макаронның кӛлеміне байланысты табады. Шығынның ӛзіндік меншікті мӛлшері мына формуламен анықталады: Е ш = Ж у −(100− у ) М ∗(100−Wұ) , Мұндағы, Ж у - барлық қамырдың жарамсыз заттары, ұнның және дайын макарондардың сыпырындысының қосындысы, кг; W у – осылардың ылғалдылығы, %; М –осы шығындар шыққан дайын ӛнімнің мӛлшері, кг. Қайтарылмайтын шығындар шикізаттың жұмсалу нормасына ӛзінің кӛптеген зиянын тигізеді. Оның мӛлшері техно- химиялық тексеру жұмысының, ӛндірісті ұйымдастырудың, есеп жұмысының дұрыс жүргізілмеуіне байланысты ӛсіп отырады. Олар ұнды тасығанда пайда болатын шығыннан, тасығанда, тиегенде, қамыр илегенде шаң-тозаңға айналу мүмкінділігіне, оны ауаны желдеткенде ұшырып кету шығындарына, зертханалық талдауға кететін және қоспалардың мӛлшеріне, таразыға тартқанда артық кетуіне қателіктерге т.б. қапқа жұққан ұнның шығыны сияқты шығындардан тұрады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==