Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы

178 14.8.2 Шикізаттың жоспарлы жұмсалу нормасы Шикізаттың жоспарлы жұмсалу нормасына: - технологиялық - шикізаттың жұмсалуы, яғни барлық дайын макарондардың құрамына нақты кіретін заттар; - есепке алуға келетін шығындар; - қайтаралмайтын шығындар жатады. Шикізаттың жоспарлы жұмсалу нормасын тӛмендегі формулаға қойып табады: Н жос. нор = Т ш +Е ш + Қ ш , Мұндағы, Н жос. нор -жоспарлы шикізаттың жұмсалу нормасы, кг /т; З т - шикізаттың технологиялық жұмсалу массасы, кг; У у – есепке алуға келетін шығын, кг /т; Б у – қайтарылмайтын шығын, кг /т. Осы кӛрсетілген жұмсалу нормалары және шығындардың ылғалдылығын бір ӛлшем бірлігіне, мысалы, W ұ = 14,5 %-ға келтіріп есептейді. Технологиялық жұмсалу нормалары деп макаронның нақты құрамына кіретін шикізаттың бӛлігін атайды, ал технологиялық шығындар деп осы макаронды жасағанда кездесетін шикізаттың есепке алуға келмейтін, жоғалып кететін (кеуіп кету, шаң тозаң т.б.) шығындарды айтады. Осы технологиялық жұмсалу шығындарын мына формула бойынша табады: Т ш = 100− дайын өн. 100−Wұ *1000, Мұндағы, W дайын ӛн. -макаронның ылғалдылығы, %; W ұ - шикізаттың ылғалдығы, %.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==