Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы

177 келетін шығынның мӛлшері де баршаға бірдей бекітілген нормадан аспау керек. Егер ӛнімге қоспалар қосылып шығарылатын болса немесе оның ылғалдығы стандартты 13 %-дан тӛмен болса, онда оған кететін ұнның, қоспалардың жұмсалу нормасы ӛз алдына бӛлек есептеліп табылады. Осы жұмсалатын шикізаттардың нормасын, олардың балансын есептегенде мына дәлдік ӛлшемдерді қолданады; - ұнның орташа ылғалдығы -0,001 %-ға; - ұнның, қоспалардың, қайтара қосылатын заттарды, есепке алуға келетін шығынның массасы – 2,0-ге; - дайын ӛнімдердің массасы -0,001 тоннаға; - шикізаттың жұмсалу нормасы мен оның ӛзіндік меншікті кететін нормасы -0,001 тоннаға дейін дәлдікте ӛлшенуі керек. 14.8.1 Шикізаттың жұмсалуын бақылауды ұйымдастыру Ӛндіріс зертханасы шикізаттың және дайын макарондардың ылғалдығын әрдайым тексеріп қадағалап отырады. Онда осы кӛрсеткіштік куәлікте немесе есеп-берулерде кӛрсетілген мӛлшеріне сәйкес келетіндігін тексеріп егер олардың арасында айтарлықтай алшақтық кездессе оны басқармаға хабарлап, жіберген мекемелерге наразылық актісін жолдайды. Әр айдың аяғында зертхана шикізаттың және қоспалардың нақты орташа ылғалдығы жайлы мекеменің жоспарлау бӛліміне арнайы анықтама жазып хабарлап отырады. Әр тоқсан сайын басқармаға ұнның, қоспалардың және дайын макаронның ылғалдылығы туралы баяндама жазып тапсырады. Осыған сай шикізаттың жұмсалуын нақты қадағалап реттеп отырады. Бухгалтерия тұрақты комиссиямен бірлесе отырып, бітпеген ӛндіріс ӛнімдеріне келіп түскен шикізаттың, қоспалардың жұмсалуын, олардан алынған дайын ӛнімдердің мӛлшерін, есепке алынған шығындар кӛрсетілген құжаттарды тексереді.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==