Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы
17 4 МАКАРОН ӚНІМДЕРІ ӚНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СЫЗБАСЫ Кез келген макарон ӛнімінің түрін шығару әрдайым жоғарыда аталған кезеңдерден тұрады, бірақ шығарылатын ӛнімнің түрі, сонымен қатар фабрикадағы орнатылған жабдықтың түрі белгілі бір ӛнімді ӛндірудің технологиялық схемасын анықтайды. Макарон ӛндірісінің астаушамен кассетада кептірілетін түрінің схемасы. Осы схема бойынша (5-сурет) кез келген диаметрдегі макарон ұзындығы 20 – 25 см кӛлемінде ӛндіріледі. Престен сығымдалып шығатын (1) шикі макарон будағы жылжып тұратын столдың (2) кӛмегімен астаушадағы (3) кассеталарға орнықтырылады да кесіледі. Кӛптеген кәсіпорындарда осы әрекет механикаландырылған тәсілде атқарылады, оны орнықтыру-кесу машинасы орындайды. Шикі ӛнімдермен толықтырылған кассетталарды вагоншаларға немесе коларбаларға салады да кептіру бӛліміне жеткізеді. Мұнда калориферлерсіз кептіру шкафтары (4) орнықтырылған, оған әкеп ӛнімдермен толықтырылған кассеталар салынған вагоншалар қойылады, не болмаса кассеталарды коларбалардан кептіру шкафына қолмен алып орналастырады. Кептіру процесі кептіру аппаратындағы желдеткіштен жіберілген ауа ағынының кассеталарда толтырылған макарон ӛнімдері арқылы ӛтіп кептіреді. Кептіру аяқталғаннан кейін вагоншалардағы немесе коларбалардағы дайын ӛнімдер орау бӛліміне түседі, мұнда салқындатылып және сұрыпталғаннан кейін қолмен бӛлшектеп орайды немесе үлкен тараларға үйіп салады. Бос кассеталар сығымдау орнына қайталап жіберіледі және процес қайтадан басталады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==