Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы
175 арқылы табады. Макаронның сынығы мен үгіндісін анықтау. Макаронның сынықтарының мӛлшерін сапа күлділігін толтырудың алдында 1-2 жәшікті ашып, талдап анықтайды, ол үшін жәшіктегі қораптағы макарондарды ақырын столдың үстіне немесе таза қағаздың үстіне аударып, оның ішіндегі сынықтарын формасы бұзылғандарын, үгітіндісін бӛлек ӛлшейді де, олардың процентін табады. = B ∗ 100 B 1 , Мұндағы, В- сынықтар мен үгітінділер массасы, г; В 1 - жәшіктегі макаронның массасы, г. Металл сынықтарын анықтау үшін таға пішінді магнитті пайдаланады. Оның жүк кӛтеру күші 1 кг магниттің массасына есептегенде 8 кг кем болмау керек. Макарон ӛнімдерін жаймалап, оның әр қатарына магнитті екі реттен ұзынынан және кӛлденеңінен жүргізіп, оған жабысқан металл заттарын қағаздың үстіне сыпырып түсіріп алып, сағат әйнегіне салып, аналитикалық таразыға тартады. Содан соң 1кг макаронға келетін металл ұнтақтарының мг мӛлшерін табады. Ботқа жасағандағы макаронның ӛзгеру жағдайы. 50-100 г макаронды ӛлшеп алып, оған 10 есе кӛп су құйып, ботқа дайын болғанша қайнатып пісіреді. Ботқа піскен соң оны електің үстіне аударып сүзеді, суы сорғып болған соң, оны жай кӛзбен қарап, пішінінің ӛзгеру күйін анықтайды. Ботқаны, макаронның қалыңдығына т.б. ӛлшемдеріне қарай, 10-20 мин қайнатады. Мұнда оның кӛлемінің ӛсу мӛлшерінің ботқамен, соны жасауға жұмсалған макаронның кӛлемдерінің арасындағы қатынасты табады. Оларды ӛлшеуіш цилиндрді пайдаланып ӛлшеп табады. Ол үшін цилиндрге су құйып алып, оған піскен ботқаны немесе құрғақ макаронды салып, сонда судың кӛлемінің ӛсуіне қарай табады. Оларды салған соң аздап сілкіп, ішіндегі ауаның кӛпіршіктерін шығарып жіберу керек.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==