Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы
174 Осы партияның сапасын анықтау үшін одан орташа сынама алады. Егер оны фабрика зертханасы талдайтын болса, осы орташа сынаманы таза, кебу шыны ыдысқа салып, тығындап немесе таза екі қабатталған оның ішкі қабаты целлофаннан, пергаменттен, парафинделген қағаздан немесе басқа да материалдардан істелген пакеттерге салып, орап сақтауға болады. Оның ішіне ауа кірмейтіндей етіп, орап байлайды. Осы орташа сынаманы барлық жиналған немесе басқа жаққа жіберілуге дайындалған жәшіктерінің әр 1,5% нан ең кем дегенде 3 жәшіктен, әр жерінен алынған нүктелік сынамаларды қосып, жасайды. Әр жәшіктен 4 жерінен алып, солардың жалпы қосындысы 500 грамнан кем болмайтындай мӛлшерде алады. Егер жәшікке бӛлшектеніп макарондар салынса, онда одан әр жерінен бірі кішігірім қорапқа жақын сынама алады. Сынамаларды дайындау. Физикалық-химиялық талдау жасағанда оған арналған орташа сынамадан 50 г бӛліп алып, фарфор келісіне салып, фарфор келсабымен ұсатып, содан кейін зертханалық диірменге тартады. Оның ұсақтығы тесігінің диаметрі 1мм илектен түгел ӛтетін болу керек. Осы ұсатылған заттан ылғалдылықты ӛлшеуге анықтауға арналған ӛлшем бӛліп алады, ал қалғанын № 27 жібек елегінен ӛткізіп, одан ӛтпей қалған бӛлігін араластырып, қышқылдығын анықтауға пайдаланады. Дайын макаронның ылғалдылығын стандарттық тәсілмен 130 0 С-та 40 мин ішінде кептіріп, ал қышқылдықты титрлеп табады. Макаронның беріктілігін бағалау. Мемлекеттік стандартқа сәйкес тек ұзын макарондардың беріктігін анықтау берілген. Бірақ ӛнімдердің ӛз пішінін, ӛз мӛлшерін ұстап тұру қабілеті де кӛрнекті орын алады. Ұзын макаронның беріктігін анықтаудың ең дұрыс тәсілін Лукьянов В. В. жасаған. Стандартта бұл сӛзді сынғыштығы деген сӛзбен ауыстырады. Макаронның сынғыштығын, ара қашықтығы 150 мм екі діңгек орнатылған автоматты таразыға, діңгектің үстіне қойып, ортасынан басып сындырып ӛлшейді. Онда оны сынған кездегі жүк кӛтеру мӛлшері, оның сынғыштық кӛрсеткіші ретінде алынған. Макаронның сынғыштығын 10 макаронды сындырып, олардың орташа кӛрсеткішін шығарып, ӛлшеу
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==