Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы
173 керек. Ұзын макарондар ӛзінің салмағымен 1,5-2,0 м ұзындыққа дейін салбырап тұрғанда созылмайтын, үзілмейтін болу керек. Түтікше ӛнімдер ақырындап қысқанда ішкі қуысы жабыспай, сырты шытынамау керек. Жартылай дайындалған макарондардың температурасын және ылғалдығын қамырдың ылғалдығы мен температурасын анықтағандағы қолданылған тәсілдермен анықтайды. Қамырдың сапасын анықтау тәсілі алдыңғы тақырыпта берілген. Жартылай дайын ӛнімдердің қышқылдығын анықтау үшін 5 г ӛлшем алып, конус пішінді 250 мл-лік колбаға ұсақтап салып, оған алдымен 30-40°C-тағы су құйып, әйнек таяқшасымен жақсылап араластыра отыра езіп, 5 тамшы фенолфталеин қосып, титрлеу жүргізіледі. 14.6 Дайын макарондардың сапа кӛрсеткіштері және олардың сапасын анықтау Дайын макарондардан сынама алудың тәсілдері МемСТ СТ ҚР 51865-2010 берілген. Макарон шығаратын мекемелер ӛз ӛнімдерін стандартты талаптарға сай шығарып, оның әр партиясының сапасы кӛрсетілген белгілі құжаттарды толтырады. Осы құжатта: a) осы мекеменің аты, кімге бағынатыны, орналасқан қаласы, облысы; b) макарон ӛнімнің толық аты, сорты; c) шығарылған күні; d) 13% ылғалдылықтағы таза салмағы және салынған ыдысымен бірге ӛлшенген салмағы; e) зертханалық талдаудың нәтижесі: ылғалдылығы, қышқылдығы, беріктігі кӛрсетіліп жазылады. Тұтынушылар немесе қабылдаған мекеме макарон ӛнімдерінің сапасын қайтадан стандартты тәсілдерде тексеруге қақысы бар. Партия деп бір сортқа, типке, түрге жататын, кӛлемі бір вагоннан артық емес макарон ӛнімдерін айтады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==