Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы
171 Иісін анықтау үшін 20 мл меланжды ұзынша химиялық стаканға құйып алып, 50 мл қайнатылған су құйып, пісіріп, иіскеп бағалайды. Дәмін анықтау үшін оны пісіріп, суытып, дәмін татады немесе шикідей де дәмін татуға болады. Меланждың ылғалдығын анықтау үшін, оны алюминийден, болаттан немесе никельден стаканға құйып алып, салмағы тұрақталғанға дейін кептіріп немесе жеделдетілген тәсілмен анықтайды. Тұрақты салмағын табу үшін, стаканды ұсақ құмға қойып, 100-105°C темепературада қыздырады, кептіреді 6-7 сағат кептірген соң, суытып, ӛлшеп ылғалдығын табады. Егер оны тездетілген тәсілмен анықтау керек болса болат стаканға термометр салып, оған 15 г қыздырылған құм, 5 г парафин салып, таразыға тартады, содан кейін оған 5 г меланж салып қайтадан таразыға тартады да, оны отқа қойып 160°C-қа дейін 10- 12 мин. қыздырады. Оның кӛбіктенуі, тысырлауы тоқтайды. Содан кейін, стаканның бетіне сағат әйнегін апарсақ, ол терлемейтін болса, онда оның толық кепкенін кӛрсетеді. Сонан соң оны суытып, таразыға тартып, жоғарыдағы формулаға қойып, ылғалдығын анықтайды. Меланждың қышқылдығын анықтау үшін одан кейін 20 мл алып, 250 мл-лік колбаға құйып, су қосып сызығына жеткізеді, титрлейді, жұмыртқа ұнтағының қышқылдығын анықтағандағы тәсілмен қышқылдығын табады. Құрғатылған сиыр сүті . Сиыр сүтінің ылғалдығын анықтау үшін, 25 г қыздырылып суытылған құмды СЭШ қондырғысына қойып 30 минут кептіріп, эксикаторға қойып суытып, 0,0001 г дәлдікте ӛлшейді де, оған 0,0005 г дәлдікте ӛлшенген 5-4 г құрғақ сүт ұнтағын салып араластырады, СЭШ-ке қойып, 100-105°C температурада оның салмағы тұрақталғанша кептіреді. Сүттің қышқылдығын анықтау үшін фарфор чашкасына 1,25 г қаймағы алынбаған сүттен жасалған сүт ұнтағын салып, оған 10 мл 65°C температурадағы ыстық су құяды. Оны жақсылап араластырып, суытып, 20 мл 20°C температурадағы суық су қосады, 3 тамшы фенолфталеин тамызып, титрлейді. Ол үшін 0,1 н негізді пайдаланады. Алынған нәтижені Тернер градусы арқылы белгілейді.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==