Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы
169 жинаптүскен металл сынақтарын ±0,0002 г дәлдікте таразыға тартып ондағы металл сынақтарының мӛлшерін бір кг-дағы мг түрінде бағалайды. МемСТ 9404-60 бойынша, ұн зиянкестерін анықтау үшін 1 кг ұн алып, оны 056 електен ӛткізеді. Сонда одан кене ӛтеді,ал басқа зиянкестер ӛтпей қалады.Сонда оларды жай кӛзбен немесе лупа арқылы қарап баға береді.Егер осы ұнды әйнекпен таптап,содан кейін қарасақ,сонда зиянды жәндіктер болса, тапталған ұнның әр жерінде тӛмпешіктер пайда бола бастайды немесе ұнның астында олар қозғалғанда пышақ ізімен жүргізгендей із қалады. Ұнның қышқылдығын МемСТ 9404-60 бойынша ұнның су ерітіндісін 0,1 н натрий негізімен титрлеп табады. Ол үшін 5 г ұнды ӛлшеп алып 100-150 мл –лік колбаға 50 мл су құйып алып,соған ұнды салып жақсылап араластырып суспензия жасап оған 5 тамшы фенолфталиннің спирт ерітіндісін қосып титрлейді. Сонда кеткен негіздің мӛлшері арқылы, оның қышқылдығын мына формулаға қойып есептеп табады: Х= ∗100 ∗ ∗ , Мұнда, N-кеткен негіздің мӛлшері,мл; а -ұнның мӛлшері,г; К - 0,1 н негізді 1н ерітіндіге шағып есептеулерге керекті коэффицент. 14.3.3 Қоспалардың сапасын анықтау әдістері Сынама алудың ережелері, МЕМСТ 1733-2015 «Сүт ӛнімдері», МЕМСТ 31654-2012 «Жұмыртқа ӛнімдері» және МЕМСТ 3343-89 «Қоюлантылған томат ӛнімдері» стандарттары бойынша олардан сынама алынады. Тауық жұмыртқасы . Оның сыртқы пішінін овоскоп аспабын пайдаланып, анықтайды. Ол жұмыс қараңғы бӛлмеде жүргізіледі.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==