Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы
168 ылғалдығы анықталған орташа сынамадан 20-30 г ӛлшем бӛліп алып,оны ӛлшемдері 20*20 см әйнектің үстіне салып, жақсылап араластырып, содан соң жаймалап сызықтық ӛлшемдері сондай екінші әйнекпен бастырып таптайды. Сонда оның қалыңдығы 3-4 мм арасында болу керек. Соның әр жерінен (10 нүктесінен) 1,5- 2,0 г-нан екі алдын ала ӛлшенген (дәлдігі 0,00002 г) тигельге салып, муфель пешінің ауыз жағына қояды. Сонда ол жалындап жанбай тек түтіндеп күйеді. Осылай түтіндеп болған соң,тигельдерді муфель пешінің түбіне (800-900°С) жылжытып қояды да, есігін жауып, күйгізеді. Әбден органикалық заттар жанып болып, эксикаторға қойып, суытып, ӛлшейді де, қайтадан күйгізеді. Міне осылай салмағы тӛмендемейтін, яғни салмағы бір қалыптанғанша қайталайды. Күлділігін мына формулаға қойып есептеп табады: Х= м ∗100 а ∗ 100 100− ұ , Мұнда , м - күлдің салмағы,г; а - алынған ұнның салмағы,г; W ұ - ұнның ылғалдығы,%. Осы екі ӛлшемнің арасындағы айырмасы ±0,025 проценттен аспау керек. Ұнның қиыршықтығы (МемСТ 9404-60), 50 г ұнды, оның сортына қарай таңдап алынған електерде елеп табады. Мұнда електің тесіктерінің ӛлшемі үлкен елек жоғарғы жағына,тесігі ұсақ елек тӛменгі жағына қойылып, 10 мин елеп, әр електе қалған және ең соңғы електен ұнның мӛлшерін ӛлшеп табады. Ол електердің нӛмерлері стандартта берілген. Ұнның МемСТ 20289-74 бойынша метал ұнтақтарын тексеру үшін, салмағы 1 кг орташа сынаманы әйнектің немесе басқа түсті тегіс жерге: қалыңдығы 5 мм шамасында жаймалап, оның үстімен, ұнға тиер-тимес қашықтықтаұзынынан, кӛлденеңінен, таға тәрізді магнитте жүргізіпсодан соң оған жабысқан ұнды үрлеп түсіріп, ал мықты жабысқан метал ұнтақтарын сыпырып түсіреді. Осылай үш рет металды
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==