Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы
116 Престеліп сығымдалған, форма беруге дайын болған қамыр: - ішінде қатып қалған ұнтақтары, кесектері, кебу ұннан тұратын бӛлшектері жоқ, ылғалдығы мен температурасы біркелкі; - серпімді-созылғыш қамыр макарон жасағанда матрицаларда фторопласталық астарларды қолданбай-ақ, беті тегіс, жылтыр, матрицаның тесігінен аз күш жұмсалып ӛтеді. Сурет 18. Шнекті макарон пресінің сызбасы: 1, 2 - су мен ұнды мӛлшерлегіш; 3- қамыр илегіш; 4 – біліктер; 1 - жетекші редуктор; 6 - шнекті цилиндрлі престегіш қондырғы; 2 7 - шнек; 8 – су кӛйлекше қондырғысы; 3 9 - матрица алдындағы кеңістік; 10 – матрица Шымыр қамырдан жасалған макарон сығымдалып форма берілген соң ӛзінің осы формасын жақсы сақтайды, ал тығыз қамыр престейтін шнектің бетіне және оның каналдарына және олар ӛзара бірімен бірі жабыспайды. Бірақ та қамыр ӛте тығыз болса, одан дайындалған ӛнім сынып кетуі мүмкін. Серпімді-созылғыштық пен шымыр және тығыздық біріне бірі қарсы күштер. Қамырдың серпімді-созылғыштығы ӛскен сайын шымырлық пен тығыздық бәсеңдейді. Сондықтан қамырдың құрылысы ӛте тығыз да, ӛте шымыр да, ӛте серпімді- созылғыш болмай, белгілі бір қалыпта илену керек.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==