Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы
110 данадан сындырып, кішігірім ыдысқа, тесігінің ӛлшемі 3 мм електен ӛткізіп сүзіп алып, үлкен ыдысқа құйып араластырады. Меланж 40-45 ºС температурадағы жылы су құйылған ыдысқа немесе тегешке 3-4 сағат салып ерітеді. Осылай дайындалған қосалқы заттарды, қамыр илеудің алдында, сумен араластырылып, су мӛлшерлегішіне жібереді. Мұнда жұмыртқа ұйып қалмау үшін, судың температурасы 45 ºС- тан аспау керек. Макарон фабрикаларында осылай дайындалған қосалқы заттарды сумен қосып дайындайтын, араластыратын арнайы қондырғы қойылған. Бақылау сұрақтары: 1. Ӛндіріске ұнды дайындау қалай іске асырылады? 2. Ӛндіріске суды дайындау қалай іске асырылады? 3. Ӛндіріске жұмыртқа және жұмыртқа ӛнімдерін дайындау қалай іске асырылады? 4. Ӛндіріске сүт ӛнімдерін дайындау қалай іске асырылады? 5. Ӛндіріске витаминдерді дайындау қалай іске асырылады? 6. Томат ӛнімдерін ӛндіріске қалай дайындайды? 7. Жеміс және кӛкӛніс ұнтақтарын ӛндіріске қалай дайындайды?
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==