Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы
109 Ұнды қапсыз сақтау және тасу тиімді. Мұнда жүк түсіру және тиеу жұмыстары механизацияланған, қол жұмысын және қаптарды керек етпейді. Осыған орай ұнның тозаңданып ысырап болуы азаяды. Автоұнтасығыштардан ұнды қоймаға компрессор арқылы 1 кг/см 2 қысымда сорып түсіреді. Қабылданған ұнның салмағы жүгімен ӛлшенген автокӛліктен жүк түсірілген соң ӛлшенген бос автокӛліктің салмағының кему мӛлшеріне тең деп есептейді. Темір жол арқылы ұн тасу үшін, жүк кӛтерімділігі 52 тонналық және т.б. вагондарды пайдаланады. Қоймадан ұнды мӛлшерлегіштерде механикалық тасымалдағыш арқылы тасып жеткізеді. Оларға шнекті, қырнауышты тасымалдағыш, ӛзінен-ӛзі тасымалдау жүйелері және құбырлар арқылы сорып тасымалдау жүйелері жатады. 6.2 Қосалқы шикізаттарды қабылдау және сақтау, ӛндіріске дайындау Макарондарды құнарландыру үшін тауықтың жұмыртқасын, меланж, жұмыртқа ұнтақтарын, кептірілген қаймағы алынған сиыр сүтін, қаймағы алынбаған сиыр сүтін, сүзбе, томат-паста, томат ұнтақтарын пайдаланады. Олардың сапасы арнайы бекітілген МЕМСТ, ТШ-да келтірілген талаптарға сай болу керек. Ол үшін олар қоймаға түскен соң, осы заттардың сапасын зертханада мұқият тексереді. Тез бұзылатын - жұмыртқа, меланж, сүзбені тоңазытқыштарға -1-2 ºС температурада сақтайды. Егер 8 айға дейін ұзақ сақталу керек болса меланжды 5 ºС-да сақтайды. Басқа тағамдық заттарды таза, кебу қоймаларда сақтайды. Томат- пастаны қатыруға болмайды. Сақталатын бӛлменің температурасы 20 ºС дейін, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60-70 % болу керек. Жаңа жұмыртқаның әк қабығында «ішек таяқша» ауруын қоздырушылары болуы мүмкін. Сондықтан оларды дезинфекциядан ӛткізу керек. Ол үшін оларды тесік жәшікке салып 5-10 минутқа хлорлы әк таста, содан кейін 2 %-дық тағамдық содаға 5-10 минутқа салып, содан соң 3-5 минут суық сумен жуып-шаяды. Осылай дезинфекцияланған жұмыртқаны 3-5
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==