Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы
108 6 ШИКІ ЗАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ, САҚТАУ ЖӘНЕ ӚНДІРІСКЕ ДАЙЫНДАУ 6.1 Ұнды қабылдау, сақтау және тасымалдау Қапқа қапталған ұнды оның санымен салмағы бойынша қабылдайды. Ол үшін оны арасынан бірнешеуін алып, платформалы таразыға тартады. Қоймада ол қапшықтарды әр қабатына үштен, бестен поддонға айқастыра орналастырып, штабельге салады. Штабельдің биіктігі, ол қолмен салынса 8 қатар, айырлы электр тиегіштермен салса 12 қатар болады. Үш- үштен салынған штабель 1*1,4=1,4 м 2 ауданға, бес-бестен салынған штабель 1,8*1,4=2,5 м 2 , ауданға орналасады. Бір қапшықтың ұзыны 0,9 м, кӛлденеңі 0,5 м, қалыңдығы 0,3 м. тең. Бір штабельге тек бір партияға жататын ұн салынады. Сондықтан үштік немесе бестік қатарлардың саны осы партияның мӛлшеріне қарай таңдап алынады. Штабельдер қойманың қабырғасынан 0,5 м-ден кем емес, штабельдердің қатар аралық қапшықтары 12 м артық, ал штабельдердің ӛз аралық қашықтығы 0,75 м кем болмау керек. Штабель қатарларының арасындағы таситын механизмдер ӛтетін жолдың кӛлденеңі: егер қапшықтарды қол арбамен таситын болса -1,5 м-ден, егер электр тиегіштерден таситын болса-4 м-ден кем болмау керек. Макарон фабикаларын жобалағанда ұнның қоры жеті күндік болу керек. Жаяу адам жүруге және тасымалдағыш механизмдердің жүруіне керекті жолдарды есепке алып, қойманың 1 м 2 ауданына: егер 8 қатар жиналса-650 кг; егер 12 қатар жиналса -1000 кг жүк орналасады деп алады. Ұнды қапта сақтау және тасу орынсыз, ұтымсыз. Ол қол жұмысын кӛп керек етеді, қаптарды сатып алуға және ұнның бір қатары қапқа жұғып, ілесіп кетеді және шаң болып та ұшып кетуінен шығын келтіреді.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==