Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы
104 жемісі ауруды басатын қасиетке ие. Шырғанақта С және Р дәрумендері бар, солардың кӛмегі арқылы ағзаның қан түтікшелерінің сыртқы қабатының жалтырлығын жақсартады. Сондай-ақ, иммунды жүйені бекітуге жәрдемдеседі. Шырғанақтың жемісі ӛте бағалы, ол қасиеттер ондағы қант мӛлшеріне, аскорбин қышқылына, тұтқыр заттарға, органикалық қышқылдар мен түрлі дәрумендер мӛлшеріне байланысты. Шырғанақта дәрумендер қатарының толық жинақталуына қарай ол антиоксиданттық қасиетке ие, зат алмасу процесін қалпына келтіреді және созылмалы сырқаты бар адамдардың жалпы жағдайын жақсартады. Шырғанақты қан бұзылуы, қатерлі ісік, безгек аурулары, бауыр мен ӛкпе ауруларына қолдану ұсынылады. Шырғанақ сондай-ақ, холестерин мӛлшерін азайтатын қабілетке ие. Жемістерінде С, B 1 , В 2 ,Е, F, К, Р, РР, А дәрумендері, қант, органикалық қышқылдар: алма, қымыздық, янтар қышқылы сияқтыларжинақталған. Шырғанақ табиғи дәрумендердің бай қорын қамтыған, ондағы Е дәруменінің мӛлшері жағынан ол барлық жемістердің алдында. Шырғанақтың жемістері сары, қызғылт сары немесе қызыл түсті, шар тәріздес не болмаса сопақшалау келеді, ұзындығы 0,4-1 см, жұпар иісті шырынды ұлпасы бар және ірі сүйегі болады. Инулин Инулин - [(С в Н 10 О 5 ) х + Н 2 О] коллоидты жартылай қант, оны аморфты ұнтақ түрінде және кристалл түрінде алады, ол ыстық суда жылдам ериді, ал салқын суда нашар ериді. Молекулалық салмағы 5000-6000. Тәтті дәмі бар. Қышқылдар мен инулаза ферменті әсерімен гидролиздену кезінде D-фруктозаны және аздаған мӛлшерде глюкозаны құрайды. Инулин ӛзінің ферментативті жолмен ыдыраған аралық ӛнімі – инулид тәрізді қалпына келтіретін қасиетке ие бола алмаған. Инулин молекуласы – фуранозды пішімдегі 30 – 35 тізбекті фруктоза қалдықтарынан тұрады. Крахмал тәрізді инулин де қосалқы кӛмірсулар қызметін атқарады, олар кӛптеген ӛсімдіктер құрамында, әсіресе күрделі гүлділер тұқымында, қоңыраубаста, лилияда, лобелилде және фиалкаларда кездеседі. Георгин, нарцисс, гиацинт, тубероз,
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==