Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы

103 ӛсімдіктің отаны Солтүстік Америка болып саналады. Мұнда ол барлық дерлік аумақта таралған. Ӛте ертеден-ақ үндістер қолдана бастаған. Еуропа аумағына топинамбур 1605 жылы келген. Ол саяхатшы Самюэл де Шамплайнның жеткізуімен алдымен Францияға әкелінген. Ресейге осы тамыр жеміс XVIII ғасырда жеткізілген, алайда, ӛкінішке орай соншалық танымал ӛнімге айнала алмаған. Топинамбур кӛмірсуларға бай, оның құрамына 77% инулин деп аталатын кӛмірсулар енеді, оның қасиеті сақтау барысында фруктозаға айнала алатынында, сондықтан да тәтті дәмге ие тамыр жеміс болып табылады. Топинамбур – дәрумендер мен микроэлементтердің аса бағалы қоры болып табылады. Мұнда С дәрумені кӛп, калийдің, темірдің және диеталық талшықтардың жоғары құрамы жинақталған. Алайда, осымен ғана шектеліп қалмайды, топинамбур ағзаға қажетті кӛп мӛлшердегі жұғымды микроэлементтер мен дәрумендер шоғырын жинақтаған. Топинамбур - шикілей де ӛңделіп те пайдаланыла беретін тек дәмді ӛнім ғана емес, бұл кӛптеген ауруларға ем болатын бірегей ӛнім. Топинамбур шырыны күйікке қолданылатын жақсы құрал, ӛйткені ол қышқылдылықты тӛмендетуге қабілетті. Осы тамыр жемістің шырыны әр түрлі дәрежедегі іш ауруларына және іш түйілуге кӛмектеседі. Сол сияқты ол қабынуға қарсы тұратын қабілетке ие және буын ауруына (полиартрит) тиімді кӛмектеседі. Жүрек-қан тамыры жүйелерінің жұмысына лайықты әсер етеді. Оны гипертония, атеросклероз, тахикардия және басқадай жүрек ауруларына қолданады. Топинамбур қайнатпасы ағзадағы қант мӛлшерін тӛмендететін қабілетке ие. Бұл инсулинге тәуелсіз диабет ауруын емдеуге қажетті құрал. Сонымен бірге, қан аздық, семіру және тұз жиналу аурулары кезінде шипа болатын зат. Топинамбур антиоксиданттық қабілеті айқын білінетін ӛсімдік және ағзадан радионуклидтерді, улы заттарды, тұздар мен ауыр металлдарды оңтайлы шығарады. Бұл құбылыс әсіресе, үлкен қалаларда тұратын тұрғындар үшін ӛзекті жайт. Бұл ағзадағы холестеринді тӛмендетуге таптырмас құрал. Шырғанақ (облепиха) жемісінің ұнтағы . Шырғанақ ғажайып емдік қасиеті бар ӛсімдік. Шырғанақтың пайдалы қасиеті әртүрлі қабыну ауруларына, жараға тиімді. Шырғанақтың

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==