Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы

102 жылдам басады, сондай-ақ жӛтелге қарсы ем үшін де ұсынылады. Ол шаршағанда және ұйқысыздық пайда болғанда онымен күресуге арналады, кӛз жанарының ӛткірлігіне әсер етеді, әр түрлі кӛз ауруларының патологиясының дамуын тежейді, қолқа астмасының түйілу белгілерін оңай жояды. Осыларға қосымша саумалдық күйік пен теміреткі ауруын тиімді емдейді, әр түрлі қатерлі ісік ауруларының алдын алуға кӛмектеседі, сонымен қатар гормондардың туындауына қатысады. Осынау табиғи антиоксидант ерлер мен әйелдердің жыныстық қабілеттеріне жағымды әсер етеді. Саумалдық сондай- ақ, ӛзінің аса кӛп мӛлшердегі құнарлы құрамалары мен тӛмен калориясына байланысты диеталық ӛнім болып табылады. Осындай қасиеті бар ӛсімдік тек артық салмақтан артылтып қана қоймай, белгілі дәрежеде жалпы сезімталдықты арттырады. Диеталық кӛкӛніске жататын саумалдық ӛсімдігі жеңіл зәр айдағыш әрекетіне ие. Сонымен бірге ол қабынуға қарсы әрекетімен де мақтауға тұрарлық. Оның 100 г жапырағының калориясы 22 килокалорияға тең. Кептірілген ӛсімдікті қараңғы жерде сақтау керек. Саумалдықтың жапырақтарында ақуыз, қант, аскорбин қышқылы, В 1 , В 2 , Р, К, Е, D 2 дәрумендері, фолий қышқылы, каротин, минералды тұздар (темір, магний, калий, фосфор, натрий, кальций, йод) болады. Осынау барлық іске жарайтын заттар саумалдықтың химиялық құрамының негізін қалайды. Топинамбур ұнтағы. Топинамбур – дәмді де жұғымды кӛп қолданылмайтын тамыр жеміс. Бұл ӛсімдік күрделі гүлділер тобына жатады және күнбағысқа ӛте жақын тұқымдас. Оны жер алмұрты, күн тамыры, иерусалимдік артишок және жабайы күнбағыс деп те атайды. Осы кӛпжылдық ӛсімдіктің тік жіңішке сабағы, қатты да бұдырлы жапырағы болады. Топинамбур биіктігі 3 метрге дейін жетуі мүмкін. Тамырларына сопақшалау келген түйнектері жабыса орналасады және олардың түсі әр түрлі болады, сары түстен қоңыр түске дейін, кейде қызылы да кездеседі. Олар бір маусымда, шамамен 125 күнде пісіп-жетіледі және алғашқы аяздардан кейін пайдалануға жарамды болып саналады. Түйнектері аязға шыдамды келеді, сондықтан ерте кӛктемде жаңа ӛнім алуға мүмкіндік болады, яғни топинамбур кез келген шығынсыз топырақта қыстап шыға алады. Бұл

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==