Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы
101 бауыр жұмысын жақсартып, оның жасушаларының тіршілігін арттыруды қамтамасыз етеді. Осы заттар негізінде капиллиярлар беки түседі, қанның құрамындағы холестерин мӛлшері тӛмендейді, май алмасу процесі жақсарады, бауырды май басу қаупінің алдын алуға болады. Қызылша жүрек-қан тамырлары ақауына да жағымды ықпал етеді. Саумалдықтың (шпинат) кептірілген ұнтағы. Саумалдық негізінен, биктігі 25 тен 55 см дейін жететін бір жылдық ӛсімдік болып табылады. Оның отаны Персия болып саналады. Бұл ӛсімдік Орта Азияның, Кавказдың және Еуропаның оңтүстік ӛңірлеріндегі ауа-райы баяу аумақтарына таңдап таралған. Саумалдықтың жапырақтарында аса кӛп мӛлшердегі әртүрлі пайдалы заттар жинақталған. Ӛзінің дәрумендерге, минералды тұздарға және микроэлементтерге толы ерекше құрамына байланысты саумалдық адамдардың жұмыс істеу қабілетін жақсартады. Оны ұзақ уақыт ысытып ӛңдегеннің ӛзінде құрамындағы барлық дерлік дәрумендері негізінен сақталып қалатынын атап ӛткен орынды. Ӛсімдіктің жапырақтарында кӛп мӛлшерде ақуыздар мен йод болады, бұлар адамның ішкі ағзасының қалыпты жұмыс істеуі үшін таптырмайтын заттар болып табылады. Сонымен бірге, саумалдық кальцийге, марганецке, селенге, фосфорға, магнийге, жезге, мырышқа, бета-каротинге, крахмалға және кӛптеген қанттарға бай. Осы тамаша ӛсімдіктің жапырақтарын үнемі пайдаланып отырған кезде гипертония сияқты күрделі аурудың дамуына тосқауыл қоюға болатыны айқындалған. Ол түтікшелерді жақсы бекітеді, ӛзінің мықты зәр айдағыш қабілетіне байланысты қабыну мен ісіну белгілерін тез арада жояды. Саумалдық қалқан бездерінің және орталық нерв жүйесінің жұмысын толық қалпына келтіре алады. Ағзаны қалдықтар мен уыттардан тазартуға қабілетті, ағзаға қажетті минералды заттар мен дәрумендер қорын толықтырады, ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартады, сонымен қатар иммунды жүйені күшейтуге де қабілеттілігімен ерекшеленеді. Шпинат дәрумендер жетіспеуінің алдын алады, зат алмасу процесін қалпына келтіреді. Сонымен бірге ол ағзаны ӛте жақсы жасартады, жасушалардың қартаюын тежейді. Бұлардан басқа саумалдық қызыл иектің және бадамша безінің қабынуын
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==