Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы

100 жинақталған. Дәрулік қасиеті жағынан асқабақ басқа кӛкӛністерден жоғары тұрады. Асқабақта қант, каротин, С, В 1 , В 2 , В 5 , В 6 , Е, РР дәрумендері және ӛте сирек кездесетін Т дәрумені жинақталған, бұл дәрумен ағзада зат алмасу процесін жеделдетеді, қанның ұюына және тромбоциттердің құралуына әсері бар, сонымен қатар қанның ұюына қажетті К дәрумені, майлар, ақуыздар, кӛмірсулар, целлюлоза, пектинді заттар, минералдар, оның ішінде калий, кальций, темір қоры да мол. Асқабақтың құрамындағы каротин мӛлшері сәбізге қарағанда бес есе, сиырдың бауырына қарағанда үш есе кӛп. Сол себепті офтальмологтар кӛз жанары науқас адамдарға асқабақты және асқабақ шырынын пайдалануды ұсынады. Қызыл сары асқабақта темірдің мӛлшерінің ӛте кӛп болуына қарай басқа кӛкӛністер арасында ол үздік атанады, сол себепті оны қан аздығы - анемия ауруымен ауыратындар кӛбірек пайдаланғаны жӛн. Асқабақтың құрамындағы кӛп мӛлшерде болатын пектинді заттар ағзадан улы заттар мен холестериндерді шығаруға жәрдемдеседі. Қызылша ұнтағы. Қызылша және одан әзірленген тағам ӛте ертеден-ақ аса пайдалы және құнарлы ӛнім болып саналған. Қазір де қызылшаны тәбет ашу үшін және тіпті кӛңіл-күйді кӛтеру үшін де қолдану ұсынылады. Сонымен қатар, қызылшаны тағам мәзіріне кез келген түрде пайдалану ағзадан улы заттар мен қалдықтарды шығаруға жәрдемдеседі. Қызылшаны тағам ретінде пайдаланудың сонымен бірге тәбет ашу және кӛңіл-күйді кӛтеру үшін де қолданылады. Қызылшаның ұнтағы ең алдымен В 1 , В 2 , В 6 , С дәрумендеріне бай, каротинділер, амин қышқылдары, темір тұздары, марганец, калий, кальций, кобальт, магний мен йод жинақталған. Қызылшадағы бояғыш заттар мен ондағы флавоноидтер ағзадғы түтікшелердің түйілуін жоюға жәрдемдесетін қасиетке ие, капиллярлардың беріктігін арттырып, артериалды қан қысымын тӛмендетеді, қанның құрамына жағымды әсері бар; олар канцорегенге қарсы және радиацияға қарсы әсер етуге қабілетті. Қызылшаның құрамындағы бетаин мен бетанин – аса құндылығымен ерекшеленеді, әзірге басқа заттардан табыла қоймаған алкалоид тәріздес құрамалар тағамды тарқатып, сіңіруге жәрдемдеседі және холиннің түзілуіне қатысады, ол

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==