Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы

99 Асқабақ ұнтағы асқабақтан алынып әзірленеді, оның түсі ішкі жұмсақ қабатына ұқсас қоңыр-сарғыш түске ие болады. Кәсіпорын цехына келіп түскен асқабақты жаңбырлатқыш тәсілмен жуады да сыртқы қабығынан тазартады, оны бӛліктерге тіліп, дәнді ұяшығын алып тастайды. Тазартылып бӛліктерге тілінген асқабақты 10 мин аралығында пісіреді. Пісірілген асқабақты езу машинасына салып езеді; алынған асқабақ езбесін құнарландырып кептіру орнына жібереді. Асқабақ ұнтағы жағымды тәтті дәмі бар, сарғыш крем түсті ылғал сіңіргіш ӛнім болып табылады. Сумен араластырған кезде асқабақтан жаңа әзірленген езбе сияқты ӛнім пайда болады. Асқабақ – бір жылдық немесе кӛпжылдық қатты бұдырлы немесе талшықтары бар шӛпке жатады; ол жер бетімен немесе ӛзінің ұзын мұртшалары арқылы бұтақтарға ӛрмелеп ӛседі, ірі немесе кішілеу қалқанды жапрақтары бар. Ірі сары немесе ақшыл гүлдері бір-бірлеп не болмаса топтасып орналасады; гүлдері біржынысты. Қоңырауға ұқсаған тостағаны мен шашағы немесе бес бӛлікті (сирек жағдайда 4 - 7) ойық қоңырау тәрізді болады; аталығы тозаңдармен бас жағынан бірігіп кеткен, тозаңдары ирек қалыпта; аналық гүлде 3 – 5 стаминодилар мен қысқа жуан сабақшалы пестик дамыған. Асқабақтың жемісінің сыртқы қабаты (қабығы) қатты және оның кӛптеген толық кеуекті кӛмкерілген ақуызды дәндері болады. Асқабақ – бұл табиғи дәруменді-минералдар жиынтығына жатады. Асқабақтың құрамында дәрумендер арасындағы үздігі болып саналатын бета-каротин бар, асқабақ сонымен қатар С, Е, В 1 , В 2 , РР дәрумендеріне бай. Мұнда калий, кальций, темір, магний, жез, мырыш, кобальт, кремний, фтор кӛп мӛлшерде жинақталған. Сонымен бірге асқабақта калория аз және клетчаткаға ӛте бай. Кротин мӛлшері жағынан асқабақ сәбізге ұқсас. Оның жұмсақ жемісінде қатты клетчаткалар мен органикалық қышқылдар тӛмен деңгейде болуына қарай асқабақты асқазан мен ішек ауруларының қабынуы кезінде де тамақ ретінде пайдалана беруге болады. Ол сондай-ақ, темір жетіспеуінен қаны азайған адамдардың ауруы туындаған кезде де пайдалы, ӛйткені мұнда қан құрамын реттеуге қатысатын минералды заттардың (темір, жез, кобальт, мырыш) мол кешені

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==