Байысбаева М.П. Макарон өндірісінің технологиясы
98 Сәбіз ұнтағы қызғылт сары түске ие және айқын білінетін дәмді сәбіз татымы болады. Оны суға араластырған кезде ӛзінің табиғи қалпын сақтаған езбе тәріздес күйге ауысады. Сәбіз ұнтағы сақтауға тӛзімді емес, ол бӛтен татым мен иісті иеленеді. Оған толықтандырғыштарды, әсіресе крахмалды араластырғанда сақталу мерзімін 2 есеге дейін ұзартуға болады. Сәбіз ұнтағының сақталу мерзімі 3 айды құрайды. Сәбіз адамзаттың бүкіл тарихи ӛркениеті бойына адамдар қолданатын тағам ӛнімдерінің ішіндегі ең бір танымалы болып келеді. Сәбіз немесе Daucus екі жылдық ӛсімдік қатарына жатады. Қазіргі уақытта сәбіз Жер шарының аса кӛп аумағына таралған. Бұл ӛсімдік Африкада, Америкада, Еуропада, Азияда, Австралияда, сондай-ақ Жаңа Зеландияда да таралған. Ұнтақ түріндегі кептірілген сәбіз – кӛкӛністің баға жетпес қабілетін сақтаудағы аса жақсы тәсіл болып табылады. Кептірілген сәбіз адам ағзасына аса жайлы әсер етеді. Бірқатар диетологтар кептірілген сәбізді дәріханаларда сатуға ұсыныс жасайды. Мамандар кептірілген сәбіздің теңдесі жоқ дәрумендік- минералды қабілетін асқазан-ішек жолы ауруларын және бүйрек ауруларын емдеуге таптырмайтын дәрілік құрал екенін айтады. Кептірілген сәбіз – бұл каротиннің, С дәруменінің, калий, фолий қышқылының, тағамдық талшықтар мен фосфордың теңдесі жоқ қоры болып табылады. Кептірілген сәбіз адамның кӛз жанарына да жағымды әсер етеді. Тағамға сәбізді жиі қолдану кӛз жанарының кейбір ауруларының, мысалы жақыннан кӛрмеу сияқтылардың алдын алуға жәрдемдеседі. Сонымен қатар, кептірілген сәбіз кӛзге артық салмақ түскенде ауырлықты бәсеңдетеді және кӛздің тез шаршауының туындауына кедергі болады. Кептірілген сәбіз сонымен қатар ас қорыту жүйесінің жұмысына да қажетті тағам болып есептеледі. Тамақ ӛнеркәсібінде кептірілген сәбіздің бірнеше түрлері бар, олар бір бірінен сұрыптарымен ерекшеленеді және сыртқы түрімен де ерекшеленеді. Кептірілген сәбіз жоғары сұрыпты немесе бірінші сұрыпты болып ажыратылуы мүмкін, сондай-ақ оларды пішімін тӛрт бұрышты немесе ұзынша етіп әзірлейді, кептірілген сәбіздің қызыл немесе сары түрлері де кездеседі.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==